Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үкімет құрамына кірген жаңа министр ант қабылдады

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 09:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинеті құрамына жаңадан қосылған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды Серікқали Брекешев ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі және Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Сіздерді құттықтаймын, жұмыста табыс тілейміз», - деген Үкімет басшысы Асқар Мамин Серікқали Аманғалиұлынан ант қабылдауын сұрады.

Өз кезегінде жаңа министр «Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаны - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беремін» деп салтанатты түрде ант берді.


Жоғары қарай