Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Үкімет жанынан Су кеңесі құрылады

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 17:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Су мәселесі бойынша өтетін мемлекетаралық келіссөздерде Қазақстанның мүддесін табанды қорғауға негізделген Су кеңесі құрылады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осындай бастама көтеріп отыр, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр Серік Қожаниязов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде аталмыш кеңесті ҚР Премьер-Министрі басқаратынын мәлім етті.

Оның айтуынша, ведомство су ресурстары саласындағы ахуалды жақсарту үшін бірнеше шараны жоспарлап отыр.

«Бірінші, мемлекетаралық өзара қарым-қатынастардың аса маңызды мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу үшін келіссөздер процестеріндегі Қазақстанның ұстанымын күшейту үшін ҚР Премьер-Министрінің басшылығымен су кеңесі құрылмақшы.

Бұл кеңестің негізгі міндеті сыртқы су саясатын әзірлеу барысында Үкіметтің барлық құрамының іс-қимылын үйлестіру болады», - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, министрлік су ресурстары комитеті мен оның бассейндік инспекцияларын күшейтуге жол ашпақшы.

«Су ресурстарын басқарудың қолданыстағы жүйесі бірінші кезекте су шаруашылығы құрылыстарын қайта жаңарту және салу жөніндегі жобаларды іске асыруға бағытталған. Су ресурстарын есепке алу, су үнемдеу, талдау және жағдайдың дамуын болжау сияқты мәселелер тиісті назардан тыс қалып келеді. Бассейндік инспекцияларды су ресурстарын мемлекеттік басқарудың негізі ретінде қарау қажет», - деді ол.

Айтуынша, инспекторға түсетін жүктеме тым ауыр.

«Бүгінде бассейндік инспекцияның бір қызметкері 93 ауылдық елді мекен орналасқан 41 мың шаршы қашырым аумаққа қызмет көрсетеді. Бассейндік инспекцияларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейі өзекті болып табылады», - деді Серік Қожаниязов.


Жоғары қарай