Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Үкімет жұмыс тәсілдерін өзгертуі керек – Ләззат Рамазанова

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 21:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын тиімді іске асыру үшін жұмыс тәсілдерін қайта қарауы керек. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова осындай пікір білдірді.

«Елді түбегейлі реформалар күтіп тұр. Алдағы айлар, министрлер мен барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап бүкіл парламенттік партиялардың депутаттарына дейінгі барлық мемлекеттік аппараттың беріктігін сынау мезгілі болады деп санаймын», – деді Ләззат Рамазанова Facebook парақшасында.

Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының өткен Мәжіліс отырысында алға қойған міндеттерінің маңызын атап өтті.

«Бірінші кезекте, бұл халық табысының өсуін қамтамасыз ету, бағаны тұрақтандыру және инфляцияны төмендету. Бұл өзгерістерді әрбір тұрғын тек есептерде ғана емес, іс жүзінде өз қалтасында сезіну қажет. Арнайы қызметтерде, ІІМ мен күштік құрылымдарда қысқа мерзімде сапалы реформалар жүргізу аса маңызды. Ел тұрғындары өздерін қауіпсіз сезінуі тиіс», - деп атап өтті ұлттық комиссия басшысы.

Ләззат Рамазанова білім сапасын арттыруға, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар үшін гранттарды ұлғайтуға және еңбек нарығына сәйкес кадрлар даярлауға байланысты мәселелер блогын маңызды деп санайды.

Ол, сондай-ақ, әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия Президенттің Жарлығымен бекітілген отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруды жалғастыруға ниетті екенін айтты.

«Билік халықтың сөзін ести алатынын көрсетті. Енді әрекет ету керек. Сөзден іске ауыспайтын болсақ, бұл ешқашан ақталмайды да кешірілмейді де», - деді Ләззат Рамазанова.


Жоғары қарай