Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Үкіметте 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу жөнінде кеңестер өтті

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 17:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Экология, геология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің басшылығымен Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңестер өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық экономика министрлігі ұсынған шаралар халықтың табысын арттыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа инвестициялық саясатты қалыптастыруға, мемлекеттің ел экономикасына қатысу үлесін қысқартуға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және тарифтік саясатты жетілдіруге бағытталған.




Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған шаралар жаңа алма бақтарын отырғызу, ет өнімдерін қайта өңдеу, құс етін өндіру, балық өсіру, картоп пен көкөністерді сақтау жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдетілген несиемен, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету, АӨК субъектілерін субсидиялау жүйесін жетілдіру, ветеринариялық жүйені реформалау жоспарланып отыр. Өндіріске заманауи ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу, тұқым шаруашылығын және жем-шөп өндірісін дамыту бойынша шаралар қабылданады.




Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаға ластауыш заттар шығарындыларын азайту, ластанған жерлерді қалпына келтіру, зиянды қалдықтар жинақталған байырғы қоймаларды жою, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, көлдерді қалпына келтіру, су инфрақұрылымын цифрландыру, балық саласын дамыту шараларын ұсынды. Утилизациялық алым мөлшерлемесі қайта қаралады. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің ұйымдық-штаттық құрылымын реформалау, азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік қамтамасыз етілуін нығайту жөнінде шаралар қабылдауды көздеп отыр. Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерді реформалау жөніндегі бірінші кезектегі міндеттерді іске асыру бойынша шаралар қабылдайды.
Әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін арттыру мақсатында жеке құрамның санын ұлғайту, әскерлерді заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру, қажетті әскери инфрақұрылыммен жарақтандыру шаралары көзделген.









Жоғары қарай