Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үкіметтен сапалы білімді талап ете білуіміз керек - Ерболат Мұхамеджан

2020 жылдың 29 қазан 2020 20:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университеті басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан білім сапасына қатысты мәселелерді қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз үкіметтен талап еткен кезде материалдық жағдайды басты назарға қоямыз. Киім, тамақ, үй талап етеміз. Неге сапалы білім бер деп сұрамасқа? Мектептер мен университеттер сапалы білім бермейді деген талаппен митингке шыққан адамды көрдіңіз бе? Лайықты білім бере алмасаң, сапалы білім алудың жолын көрсет деп те ешкім айтпайды. Жалпы халық емес, белгілі бір қоғам өкілдері ғана бұл мәселені көтеріп жүр» деді ол Қазақстан ұлттық арнасының эфирінде өткен «Ашық алаң» бағдарламасында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім саласын дамытуға ерекше тоқталғаны белгілі. Экономика білімге тәуелді болған соң бұл саланы түбегейлі реформалау керек деді.

Осыған орай, 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат - 6 есе, ғылымға бөлінетін қаржы - 7 есе өсетін болды.

Тікелей эфир барысында Ерболат Мұхамеджан Білім және ғылым министрлігі өте жақсы шешім шығарғанын да айтып өтті.

«Әлеуметке проблема шыққан соң, халық мұны білуі керек. Грантты бұрын университтке беретін. Университеттер соған жабысып отыратын. Қазір грантты студентке берді. Студент түскен университетіне көңілі толмаса, басқа рейтингі жоғары оқу орнына ауысып кете алады. Осындай дұрыс өзгерістер осыдан 15 жыл бұрын жасалуы керек еді»,- дейді Ерболат Мұхамеджан.


Басты сөздер: ЖОО-лар, Білім,
Жоғары қарай