Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.42
EUR 417.41
RUB 6.09
CNY 54.54

Үкіметтің жұмыс тобы Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындарымен кездеседі

2019 жылдың 13 қараша 2019 12:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14-16 қараша аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобы іссапармен Жамбыл және Алматы облыстарына, сондай-ақ Алматы қаласына барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Премьер-министр орынбасарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс тобының құрамына үкіметтің әлеуметтік блогының: білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің басшылары кіреді.

Өңірлерде жұмыс тобының мүшелері жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлерімен, жастармен кездеседі. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды, сондай-ақ аудандарды аралап, көптеген мәдени іс-шараларға қатысады.

Атап айтқанда, 14 қарашада Тараз қаласында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Талас құрылысы: тарих пен тағылым» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

15 қарашада Алматыда Республикалық жастар форумы, Мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі және техникалық оңалту құралдарының көрмесі өтеді.

Ал Алматы облысына Үкіметтің жұмыс тобы 15-16 қараша күндері келеді.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – Елбасының «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында белгіленген міндеттерді ел Үкіметінің іске асыруы туралы халықты ақпараттандыру.

Осыған дейін Үкіметтің жұмыс тобының өкілдері Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарымен кездескен болатын.

Жоғары қарай