Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҰҚК 35 түрікмен азаматшасының ҚР  шекарасынан қалай өткендігін түсіндірді

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 17:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК 35 түрікмен азаматшасының Қазақстан шекарасынан қалай өтіп кеткендігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат осы ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 25 қыркүйекте «Centralasia.media» (ТМ) интернет жаңалықтар порталында «Қазақстанда қалып қойған Түрікменстан азаматшалары отанына жасырын оралды, - БАҚ» деген ақпарат жарияланды. Хабарламада «35 түрікмен әйелі Түрікменстанға жасырын қайтқаны туралы айтылады: «Гарабогаз» бақылау-өткізу пунктінде Түрікменстан-Қазақстан шекарасы арқылы СОVID – 19 пандемиясына байланысты Қазақстанда қалып қойған Түрікменстаннның 35 азаматшасы белгісіз тәсілмен өткен. Қазіргі уақытта олар Гарабогазда (бұрынғы Бекдаш) ауылдық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде карантинде жатыр. Алайда ресми түрде шекара жабық күйінде қалып отыр».

Сонымен қатар мақала авторы ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасай отырып, шекара жабық екенін және ол арқылы ешкімді өткізбегенін хабарлаған, бірақ ол шындыққа сәйкес келмейді.

ҰҚК баспасөз қызметі 2020 жылғы наурыздан бастап түрікмен тарапы КВИ-ге байланысты мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көлік құралдарын өткізуді біржақты тәртіпте тоқтатқанын, Қазақстан тарапынан өткізу пункті жабылмағанын ресми түрде хабарлайды.

ҚР-дағы Түрікменстан консулдығының (Ақтау қ.) ресми өтінішіне сәйкес 2020 жылғы 22 қыркүйекте «Темір баба» өткізу пунктінде (10.05-тен 12.00-ге дейін) ҚР-дан шығуға Түрікменстанның 42 азаматы (12 ер адам, 28 әйел, 2 бала) ресімделген болатын.


Жоғары қарай