Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҰҚК «Қалқан-2021» оқу-жаттығуын бастады

2021 жылдың 12 сәуір 2021 18:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік органдары Шекара қызметімен қатар, Қарулы Күштердің және Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының бөлімшелері жауынгерлік (жедел-қызметтік) әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстарында өткізілуде. Негізгі тәжірибелік іс-шаралар Маңғыстау облысының шегінде жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткізілетін болады.

Оқу - жаттығудың негізгі мақсаты - жедел-қызметтік дайындық жағдайын және мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілетін тексеру.









Бірінші кезеңде күш-құрылымдарды тағайындалған ауданға жылдам жеткізу жүзеге асырылды. Шекарашылар мен күштік органдардың әскери қызметшілерінің тұрақты орналасу орындарынан мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан бұл жерлер көпшілігі үшін бейтаныс.





Қарулы Күштер мен Ұлттық ұланның бөлімшелерінен бөлінген күш-құралдар Шекара қызметінің жедел бағынысына берілді. Оқу-жаттығулар кезең-кезеңімен өткізілуде.




















Жоғары қарай