Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Украинада әуе шары құлады: бір адам қаза тауып, бесеуі жарақаттанды

2021 жылдың 23 мамыр 2021 15:33

КИЕВ. ҚазАқпарат – Украинаның батысында Хмельницк облысындағы Каменец-Подольск қаласына жақын жерде ішінде жолаушылары бар әуе шары құлады. Бұл туралы Украинаның Ұлттық полициясының облыстық басқармасы өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Каменец-Подольск ауданында әуе шарының құлауы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде», - деп мәлім етті полиция.

Қайғылы жағдай 22 мамыр күні кешқұрым Каменец-Подольск ауданында Кульчиевцы елді мекенінің жанында орын алды. Әуе шарының бортында ұшқыш пен бес жолаушы болған. Олардың барлығы Хмельницк пен Каменец-Подольск қалаларының тұрғындары. Бір ер адам қаза тапты, тағы бес адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Олардың арасында ұшқыш та бар.

Әуе рейстерінің ережелерін бұзу бабы бойынша тергеу басталды.

Бұған дейін қалалық кеңес өзінің Facebook-тегі парақшасында Каменец-Подольск қаласында осы демалыс күндері «Подоль кубогы» әуе шарлары фестивалі өтеді, деп хабарлаған болатын.





Басты сөздер: Украина, Оқиға,
Жоғары қарай