Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Украинада нөсер жаңбыр мен қатты жел 55 елді мекенді электр қуатынсыз қалды

2021 жылдың 8 тамыз 2021 15:11

НҰР-СҰЛТАН. Укринформ-ҚазАқпарат – Украинада нөсер жаңбыр, күшті жел салдарынан 55 елді мекен электр тоғынсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформға https://www.ukrinform.ru/rubric-regions/3294110-dozd-groza-i-veter-ostavili-bez-sveta-55-naselennyh-punktov.html сілтеме жасап.

«8 тамыз күнгі сағат 7-дегі жағдай бойынша, ауа-райының нашарлауынан (жаңбыр, найзағай, дауыл) электр желілерін автоматты қорғау жүйесі іске қосылып, жеті облыстағы 55 елді мекен (Полтав облысында 17 елді мекен, Сумда 10, Черниговта 9, Черкасста 7, Донецкте 6, Кировоградта 4 және Одесса облысында 2 елді мекен) электр тоғынсыз қалды», - делінген хабарламада.

Электр беруді қалпына келтіруге облыстың энергетика бригадалары жұмылдырылды.

Сонымен қатар Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі Одесса облысында әлі де 12 ауланың су астында екенін, су деңгейінің төмендеп жатқанын хабарлады.


Басты сөздер: Украина, Оқиға,
Жоғары қарай