Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Украинаға Қазақстаннан бітімгерлер жіберіле ме - Сенат төрағасының жауабы

2022 жылдың 24 ақпан 2022 13:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы шиеленіс аумағына қазақстандық бітімгерлерді жіберу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап берген палата төрағасы Қазақстан ҰҚШҰ-ның мүшесі екенін еске салды. Осыған байланысты «шиеленіс аумағына қазақстандық бітімгерлерді бағыттау мүмкін бе» деген сұрақ туындайды. Бұл тұрғыда біздің ұстаным бірмәнді. БҰҰ жарғысына және басқа да құжаттарға сәйкес, Қазақстан ҰҚШҰ елдерінен тыс жерлерге біздің бітімгерлерді тек БҰҰ мандатына сай жібере алады.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ жарғысына сәйкес, ұйымның бітімгерлік күштері мен әскерлері тек мүше елдердің аумағында ғана әрекет етеді. Шиеленіс аймағы ұйымға мүше елдердің аумағына кірмейді, сондықтан осы шартқа әрі ратификацияланған келісімдерге сай, қақтығыс аймағына ҰҚШҰ аясында бітімгерлерді бағыттауға болмайды.

Айта кетейік, М. Әшімбаев Украинадағы жағдайға байланысты пікір білдірді. Осы орайда ол шиеленісті бейбіт жолмен шешу үшін келіссөздер жүргізу маңызды болып тұр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Донецк пен Луганскіні тұрақтандыру шешіміне пікір білдірді.

Бүгін Украина Президенті Владимир Зеленский ел халқына үндеу жариялап, Украина аумағында әскери жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді.


Жоғары қарай