Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үлкен Алматы өзенінде көлігін жуған жүргізушіге айыппұл салынды

2020 жылдың 3 тамыз 2020 14:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үлкен Алматы өзенінде жол талғамайтын көлігін жуған жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалық Полициясы департаментінің хабарлауынша, Үлкен Алматы өзеніне қарай бет алған «Range Rover» көлігінің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

«Көлік жүргізушісі дереу анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол 1985 жылы тулған Б. есімді азамат. Бұл оқиға 30 шілде күні болған. Ол өзінің көлігінің дөңгелектерін жуу үшін өзенге барғанын түсіндірді. Кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК 434-2-бабына сәйкес құқық бұзушы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, 5 АЕК (13 мың 890 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деді Алматы қаласының жергілікті полиция басқармасының бастығы Манап Саттаров.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Заң, Көлік,
Жоғары қарай