Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үлкен Алматы өзенінің суы қызыл түске боялды

2021 жылдың 19 тамыз 2021 16:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Тұрғындар Үлкен Алматы өзенінің қызыл түске боялғанын көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанқызыл түске боялған Үлкен Алматы өзенін видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Бұл Үлкен Алматы өзені. Су қызыл. Мен осы өзеннің бойында тұрамын. Он жыл ішінде мұндайды бірінші рет көруім. Шамасы, химиялық заттар тасталған. Бұл экологиялық апат», - деп жазды бейнежазба авторы.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, дәл қазіргі уақытта Үлкен Алматы өзенінің бойында мамандар жүр. Олар Райымбек даңғылының аймағында судың түсі сәл қызғылт екенін мәлім етті.

Тексеру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.








Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Экология,
Жоғары қарай