Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үлкен Алматы жағалауы абаттандырылады

2021 жылдың 27 қазан 2021 21:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үлкен Алматы жағалауын реконструкциялау жұмысын келесі жылы басталады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Селден қорғау бөгетінен әл-Фараби даңғылына дейін және одан әрі Абай даңғылына дейін Үлкен Алматы өзенінің су қорғау белдеуі мен арнасын реконструкциялауды алдағы жылға жоспарлап отырмыз»,- деді Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфир барысында.

Жалпы 2 жыл ішінде 84 нысан абаттандырылды. Былтыр «Қарасу» шағын ауданда жаңа рекреациялық аймақтың құрылысы жүргізілді. «Желтоқсан», «Дружба» саябақтары, «Жетісу-3» шағын ауданындағы сквер, «Южный» саябағы абаттандырылды. 2021 жылы «Маяк» тоғайы, «Көкмайса» шағын аудандағы Есентай өзенінің жағалауы, Таулы қырат шағын ауданындағы учаске абаттандырылды, Ә.Қастеев музейі алдындағы фонтан, Абай атындағы опера және балет театры маңындағы сквер, Терренкур және Жарбұлақ, Тіксай өзендерінің арналары абаттандырылды.

Алдағы уақытта К. Байсейітова көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер (Жамбыл көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін) аймағын, Қазақ-Британ техникалық университетінің саябағын абаттандыру және көгалдандыру көзделген.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Туризм, Алматы, Қоғам, Әкім,
Жоғары қарай