Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ұлттық арна 2021 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялайды

2020 жылдың 3 тамыз 2020 10:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2021 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Телерадиокоропорацияның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ұ сыныстар мынандай жанрлық бағыттар бойынша қабылданады:

• ұлттық, отбасылық құндылықтар;

• тарихи тұлғалар және тарихи мұраны насихаттау;

• әскери-патриоттық (спорт әлеміндегі көрнекті тұлғалар);

• ретроспектива;

• медицина;

• білім, кәсіп игеру, жастар тәрбиесі;

• табиғатқа қамқорлық;

• ауыл тыныс-тіршілігі;

Тарихи тұлғалар тақырыбы бойынша төменде аталатын көрнекті тұлғалар туралы телехикаяларға ұсыныстар қабылданады: Сәкен Сейфуллин, Қаныш Сәтбаев, Мұқағали Мақатаев, Дина Нұрпейісова және есімі тарихқа айналған абыз Домалақ ана өмірі жайындағы туындылар.

Байқауға қатысушы компания арнайы концепция жолдауы керек.

Жобаның идеясы, жанры, сметалық шығыны, компанияның техникалық жағдайы, мамандарының біліктілік құрамы және фильмографиясы қамтылуы тиіс.

Ұсыныстар фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндігі жоғары компаниялардан ғана қабылданады.


Басты сөздер: Қоғам, БАҚ, Мәдениет,
Жоғары қарай