Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық банк алдағы үш жылда инфляция деңгейі қалай өзгеретінін айтты

2019 жылдың 25 қазан 2019 10:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымованың сөзіне сенсек, инфляция деңгейін 2020-2021 жылдары - 4-6 пайыз, 2022 жылдан бастап 3-5 пайыз дәлізінде сақтау көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Инфляция бойынша 2020-2021 жылдарға арналған мақсат 4-6 пайыздық, 2022 жылдан бастап 3-5 пайыздық дәлізде белгіленді. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі ақша-несие саясатының негізгі құралы болып қалады. Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің деңгейін елдегі қалыптасқан және күтілетін инфляцияның мөлшеріне қатысты, сондай-ақ сыртқы факторларды ескере отырып белгілейді. Бұл ретте оның деңгейі нақты көрсетуде 3-3,5 пайыздық деңгейде сақталады», - деді Мәдина Әбілқасымова Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитеті отырысындағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымында.

Оның айтуынша, биыл қыркүйекте жылдық инфляция 5,3 пайызды құраған. Азық-түлік бағасының жылдық деңгейде 9,1 пайызға ұлғаюуы инфляцияға барынша себеп болып отыр.

«Инфляцияның нысаналы дәліз шегінен шығу тәуекелдерін болдырмас үшін 9 қыркүйекте Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға дейін көтерді. Ұлттық банктің бағалауынша, инфляция осы жылдың қорытындысы бойынша 5,7-5,8 пайыздық деңгейде қалыптасады. 2020 жылы 4-6 пайыздық нысаналы дәліз ішінде сақтала отырып, инфляция біршама төмендейді деп күтіледі», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Жоғары қарай