Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұлттық банк алтынвалюта қорының неліктен төмендегенін түсіндірді

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 18:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің желтоқсан айындағы алтынвалюта қоры 3,5% төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,1% төмендеп, 34,4 млрд доллар болған. Яғни, елдің алтынвалюта қоры жыл басынан бері 3,5% төмендеген.

«Алтынвалюта резервтерінің төмендеуі мемлекеттік борышты төлеуден, Үкімет пен Ұлттық банк клиенттерінің корреспонденттік операцияларынан, сондай-ақ валюталық интервенциялар есебінен болды», - деп жазады Ұлттық банк сайты.

Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қосқанда (55,3 млрд АҚШ доллары) елдің жалпы халықаралық резервтері желтоқсанның соңында 89,7 млрд доллар болған.

«2021 жылдың желтоқсан айында ақша базасы 4,6% кеңейіп, 10 957,7 млрд теңгені құрады. Бұл жыл басындағы жағдайдан 12,1% артық. Ал екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 12,9% немесе 6 945,4 млрд теңгеге дейін кеңейді. Бұл жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда 36,5% артық», - делінген мәліметте.

Қорытындыласақ, 2021 жылдың аяғына қарай елдегі ақша массасы 4,9% өсіп, 30 099,3 млрд теңге болған. Бұл жыл басныдағы жағдайдан 20,8% артық деген сөз. Ал айналыстағы қолма-қол ақша 2 997,7 млрд теңгеге дейін жеткен немесе жыл басынан бері 6,0%өскен.


Жоғары қарай