Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұлттық банк цифрлық валютаны енгізуге қатысты зерттеу жұмыстарынан хабардар етті

2021 жылдың 20 желтоқсан 2021 13:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов цифрлық валютаны енгізуге қатысты зерттеу жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың қараша айында ҚР Ұлттық банкі 28 елдегі орталық банктер қамтылған халықаралық қатысушылар құрамында ұлттық цифрлық валютаны енгізу мәселесін зерттеуге кірісті. Бұл бағыттағы жұмыстарды кейінге шегеру болған жоқ, Ұлттық банк жоспарлы міндетті орындап келеді. 2021 жылдағы пилот жобасы қорытындысы бойынша Ұлттық банктің порталында баяндаманы орналастырдық, онда қаржы нарығы мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен бірлесе технологиялық қадамдар әзірленді», - деді Б. Шолпанқұлов Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдың 1 шілдесіне қарай тиісті модель даярланады. Бұл өз кезегінде цифрлық валютаның қажеттігі бойынша барынша теңдестірілген қадамдар, сондай-ақ жобаны іске асырудың оңтайлы жоспары ескерілмек.

«Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар Ұлттық банк жүргізіп жатқан зерттеудің бекітілген жоспарына сәйкес атқарылып жатыр», - деп түсіндірді Б. Шолпанқұлов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Цифрлық теңге үлгісі 2022 жылдың ортасында дайын болады.



Жоғары қарай