Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық банк инфляция мен валюта бағамының қорытындысын шығарды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 11:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев инфляция мен валюта бағамына қатысты былтырғы жылғы қорытындыны жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша, инфляция 5,4% болды, бұл 4-6% нысаналы дәлізге сәйкес келеді. Көбінесе нан-тоқаш өнімдері мен жарманың бағасының 16,1%, сондай-ақ ет және ет өнімдерінің 13,2% өсуі есебінен 9,6%-ке қымбаттаған азық-түлік тауарлары инфляцияға ең көп үлес қосты. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының өсуі қалыпты болды», - деді Е. Досаев.

Оның сөзіне қарағанда, ақша-кредит саясатының негізгі құралы ретінде базалық ставка тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың кеңеюіне байланысты проинфляциялық факторлар ықпалының сақталуы аясында +/- 1 проценттік тармақ дәлізімен 9,25% деңгейінде сақталды.

«2019 жылы қоғам тарапынан жүргізіліп отырған валюталық саясатқа және ұлттық валютаның бағамына жоғары назар аударылды. Бұл ретте, өткен жыл ішінде бір АҚШ доллары үшін теңге бағамы 373-390 теңге шегіндегі 4,5 пайыздық аралықта болды. 2019 жылы теңге жылдың соңына қарай бір АҚШ доллары үшін 382,6 теңгеге дейін 0,4 пайызға нығайды, ал 2018 жылы ол 15,6 пайыға әлсіреді», - деді ҰБ басшысы.


Жоғары қарай