Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұлттық банк кредит кешірілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

2021 жылдың 9 желтоқсан 2021 14:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банк кредит рақымшылығы жарияланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, кешеден бері әлеуметтік желілерде және мессенжерлерде «Қазақстанда халықтың несиесі кешіріледі» деген сарында ақпарат тарады.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады» деп мәлім етті Ұлттық банк ресми сайтында.

Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы Қазақстан Ұлттық банкінің байланыс орталығына хабарласуға болады.


Жоғары қарай