Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық банк мұнай бағасына болжам жасады

2020 жылдың 8 қыркүйек 2020 11:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов 2021 жылдың соңына дейінгі экономикалық дамудың болжамдары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің экономикамыздың құрылымын ескере отырып, мұнай бағасы экономикалық белсенділік пен инфляциялық процестердің ағымдағы және болашақ динамикасын анықтайтын негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылады. Карантиндік шектеулердің алынып тасталуы аясында өндіріс көлемін шектеу және энергия ресурстарына сұраныстың артуы бойынша ОПЕК + келісімін орындау мұнай бағасының өсуін негізінен қалпына келтірді «, - деді Ақылжан Баймағамбетов.




Халықаралық агенттіктердің болжамы бойынша, Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 2020 жылдың аяғына дейін барреліне 40 долларға, 2021 жылы 45 долларға көтеріледі.

«Дегенмен, әлемдік шикізат нарығындағы сұраныс пен тұрақсыздық динамикасы әлі де сақталып отыр. Мысалы, Ирактың қиын қаржылық жағдайына байланысты ОПЕК + келісімі бойынша міндеттемелер орындалмауда. Қытайдан мұнайға деген сұраныс аздап төмендеді. Сондықтан «2020 жылдың тамыз-қыркүйек» болжамды раунды шеңберінде біз консервативті тәсілді ұстанамыз және Brent маркалы мұнайдың бағасы 2020-2021 жылдар аралығында орта есеппен бір барреліне 40 доллардан бағаланады «, - деп атап өтті спикер.

Экономикаға мұнай бағасымен қатар, Қазақстанның сыртқы серіктес елдеріндегі экономикалық белсенділік пен инфляция, әлемдік тауар нарықтарындағы ахуал, азық-түліктің әлемдік бағаларының динамикасы да әсер етеді.

Сонымен қатар, ішкі факторлар ретінде экономика салаларындағы ахуал, халықтың кірістері, еңбек нарығы және ақша-несие көрсеткіштері қарастырылады.


Жоғары қарай