Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық банкі 2020 жылғы инфляция болжамын қайта қарады

2020 жылдың 8 маусым 2020 16:34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк 2020 жылғы инфляция болжамын қайта қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарауынша, жылдық инфляция 2020-2021 жылдарға белгіленген нысаналы дәлізден 4-6% жоғары болып қалыптасады. 2020 жылғы мамырда жылдық инфляция 6,7% (2020 жылғы сәуірде 6,8%) болды.

«Инфляциялық процестер Қазақстанда және сауда әріптес елдерінде карантин шараларының ықпалымен, сондай-ақ теңге бағамының әлсіреуі және оны ішкі бағаларға көшіру арқылы қалыптасады»,– деп хабардады Ұлттық банк.

Ұлттық бактің мәліметінше, инфляциялық процестер серпініне 2016 жылғы қазаннан бастап ең жоғары мәнге қол жеткізіп, мамырда жылдық көрсетуде 10,7%-ға қымбаттаған азық-түлік тауарларына бағаның өсуі негізгі үлес қосуын жалғастыруда. Азық-түлік инфляциясын жеделдету карантин шараларын сақтаған жағдайда шикізат пен өнімді жеткізу тізбегінің бұзылуы нәтижесінде жекелеген тауарларға деген жоғары сұранысқа, сол сияқты шектеулі ұсынысқа да байланысты болды. Азық-түлік емес инфляция серпіні қалыпты күйін сақтап, жылдық өсім 5,3% болды.

«Ұлттық Банк ағымдағы жылдың соңына дейін инфляция бойынша болжамды қайта қарады. Қазақстан Республикасының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтікэкономикалық даму болжамын әзірлеу шеңберінде мұнай бағасының сценарийін барреліне 20-25 АҚШ долларында болжап, Үкімет дағдарысқа қарсы жоспардың мақсаттары үшін базалық ретінде қараған инфляция ағымдағы жылдың соңына қарай 9-11% деңгейінде бағаланды. Мұнай нарығы бойынша нақтыланған бағалауларға және 2020 жылы орта есеппен бір баррель үшін 35-40 доллар деңгейінде мұнай құнын болжайтын Ұлттық Банктің базалық сценарийіне сәйкес жылдық инфляция 2020 жылдың қорытындысы бойынша 8,0-8,5% деңгейінде болжануда»,– делінген хабарламада.

Наурызда COVID-19 пандемиясымен күресу үшін елде төтенше жағдай мен карантин шараларын енгізу экономикалық белсенділіктің айтарлықтай нашарлауына себеп болды. ҰЭМ СК деректері бойынша, 2020 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме және бөлшек сауда көлемінің сәуірде 34,8%-ға, көлік қызметтерінің – 36,6%-ға төмендеуі нәтижесінде ІЖӨ жылдық көрсетуде 0,2%-ға қысқарды. Сыртқы және ішкі сұраныстың төмендеуі аясында өңдеуші өнеркәсіптің жекелеген секторларында іскерлік белсенділіктің баяулауы байқалды. Бұл ретте, қызметкерлерді қашықтықтан жұмысқа аудару және онлайн-оқытуды енгізу байланыс қызметтері, жеткізу қызметтері көлемінің өсуіне алып келді.

2020 жылы Қазақстанның сауда әріптес елдерінің өсу перспективалары бойынша бағалар теріс болып қалуда. Consensus Economics болжамдарына сәйкес, 2020 жылы ЕО экономикасы 7,7%-ға, Ресей 4,1%-ға қысқарады, Қытай экономикасы 1,4%-ға дейін баяулайды. 2021 жылы барлық әріптес елдерде көрсеткіштердің күрт қалпына келуі күтілуде, атап айтқанда, ЕО экономикасы 6,2%-ға, Ресей экономикасы 3,8%-ға, Қытай экономикасы 8,1%-ға өседі.

Мұнай нарығындағы ахуал біртіндеп жақсарып келеді, алайда баға деңгейі біршама төмен, ал байқалған серпін әлі де тұрақсыз. Brent маркалы мұнайдың орташа айлық бағасы 2020 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша бір айда 20,7%-ға өскенін көрсетіп, бір баррель үшін 32,4 АҚШ долларын құрады.


Жоғары қарай