Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұлттық кеңес Президенттің жаңа реформалар жоспарын қолдайды: Алматы трагедиясынан кейін ешкімнің қателесуге құқығы жоқ – Арман Қашқынбеков

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 18:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелері қаңтар оқиғаларынан кейінгі елдегі жағдайды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің ойымша, болашақта қателіктерді қайталамау үшін бейбіт және қауіпсіздік саласындағы барлық наразылықтардың салдарын емес, себептерін талдау маңызды. Ең бастысы – халық табысының өсуі жөніндегі бағдарламаны бастау. Халық табысының күрт төмендеуі мен барлық азық-түлік тауарларының, мұнай өнімдерінің, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты осы наразылықтарда көрініс тапқан негативтер жинақталған», - деді ҰҚСК мүшесі, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының директорлар кеңесінің мүшесі Арман Қашқынбеков.

Ол бейбіт наразылықтарда әділ талаптар айтылғанын атап өтті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтты, содан кейін жедел әрекет ету шаралары қабылданды. Бірақ, өкінішке орай, бейбіт наразылықты террористер мен ойрандаушылар пайдаланып кетті.

Арман Қашқынбеков Президенттің ҚР Үкіметіне нақты нұсқаулар бергенін атап өтті.

«Мәселе әдеттегідей жүзеге асырылып жатыр. Оның Үкіметтен сұрауы Ұлттық қоғамдық сенім мүшелері тарапынан да, тұрғындар тарапынан да ең қатаң болады. Алматы трагедиясынан кейін ешкімнің қателесуге құқығы жоқ», - деп толықтырды ол.

А. Қашқынбеков Қазақстан мұнай-газ елі ретінде мұнай өнімдеріне әлеуметтік бағдарланған саясат жүргізіп, ең алдымен өз елінің 19 миллион шағын халқын қамтамасыз етуі, содан кейін ғана өнімді экспортқа шығаруы тиіс деп есептейді.


Жоғары қарай