Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұлттық кеңес Президенттің жаңа реформалар жоспарын қолдайды: Талғат Қалиев депутаттар мен шенеуніктердің еңбекақысын көтерудегі мораторий туралы пікір білдірді

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев депутаттар мен шенеуніктердің еңбекақысын көтеруге бес жылдық мораторий туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде байлар мен кедейлердің арасында, жоғары және төмен жалақы алатындар арасында алшақтық бар. Менің ойымша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімді этикалық тұрғыдан қабылдады. Жалақысы өте төмен мамандықтар бар кезде министрлердің тым жоғары жалақы алуға және оны тұрақты түрде көтеріп отыруға құқығы жоқ. Бұл шешім осы олқылықты жою мақсатында қабылданды», - деді Т. Қалиев Нұр-Сұлтандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, Т. Қалиев бұл мораторийдің қарапайым мемлекеттік қызметшілерге қатысты болмауы керегін, олардың жалақысын көтеріп, дарынды басшылар үшін сыйлықтар мен бонустар жүйесін қарастыруды айтты.

«Егер олар өз салаларында айтарлықтай өзгерістерге қол жеткізе алса, онда халық бұл талантты басшылардың бонустар алуына қарсы болмайды, ал егер ештеңені іске асыра алмаса, онда марапат пен бонус берудің де жөні жоқ», - деді ол.

Талғат Қалиев халықты Премьер-министрлердің де, министрлердің де жеке басы алаңдатпауы керек деген пікір білдірді.

«Халыққа өзін-өзі танытуға, бизнеспен айналысуға, еңбек ету құқығын іске асыруға барлық жағдай жасалуы тиіс, қолайлы бағалар мен жалақының қолайлы деңгейі болуы керек», - деді сарапшы.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар мен әкімдердің еңбекақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялады.



Жоғары қарай