Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Ұлттық кеңес ұсынысы: ҮЕҰ мүшелері үшін әр мекемеде арнайы көпфункционалды кеңістік құру керек

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 12:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Almaty Management University» президенті, қоғам қайраткері Асылбек Қожахметов мемлекеттік органдар халыққа қызмет етуі керек деген қағида орындалмай келе жатқанын мәселе етіп көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде мемлекеттік органдар кеңселеріне азаматтардың қол жетімділігі наразылық тудырады. «Халықтың мемлекеттік кеңселерге емес, мемлекеттік кеңселердің халыққа қызмет етуі керек» деген қағида орындалмай келеді. Мемлекеттік органдардың азаматтарға айқара ашылған есігін көру мүмкін емес. Сондықтан, сәтті тәжіриебелерді қолданып, әр меморганда кездесулер мен көпшілік іс-шараларды өткізу үшін Үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне рұқсат құжаттарынсыз, шектеу жасалмай, ұялы телефондарымен кіре алатын әр мекеменің бірінші қабатында арнайы көпфункционалды кеңістік құру жөнінде ұсыныс жасаймын», - деді Асылбек Қожахметов елордадағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында.

Еске сала кетсек, елордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр.

«Қазақстан Президенттік басқару формасындағы мемлекет ретінде қалуы керектігіне сенімдімін. Алайда Парламент саяси жүйедегі лайықты орнын алуы қажет», - деді жиында Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанда саяси реформалар қажеттілігі пісіп-жетілгенін мәлім етті.


Жоғары қарай