Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Ұлттық кеңесте бұқараның көкейінде жүрген мәселелер көтерілді  - Бекболат Тілеухан

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 15:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысында халықтың көкейінде жүрген мәселелер көтерілді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының алдында толғақты, елдің, бұқараның көкейінде жүрген нәрселердің бәрін айтуға мүмкіндіктің болуы - бұл шындығында ел тарихындағы демократиялық қадам деп есептейміз. Жалпы айтылмай қалғаны жоқ. Жаңағы жерде ешкім ешкімнің ауызына қақпақ болған жоқ. Сосын әлеуметтік әртүрлі топта өзінің ойымен ерекшеленіп жүрген азаматтардың барлығының осы жерде сөз алуы кеңестің беделін ерекшелейтін дүние болды деп ойлаймын», - деді Бекболат Тілеухан кеңес отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, Ұлттық кеңес,
Жоғары қарай