Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық кеңесте кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетизациялау ұсынылды

2021 жылдың 16 қараша 2021 18:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ТРК Тандем» ЖШС бас директоры Тәттігүл Талаева Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетизациялауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында азық-түлік жиынтығының құны 6 748 теңге және тұрмыстық химия жиынтығының 1846 теңге. Қыркүйек айында 2584 ақтөбелік отбасы осындай көмек алса, бір жарым айда олардың саны 3200-ге дейін өсті. Бірақ азық-түлік жиынтығының тізімін қарасаңыз, қажетті тауарлардың ішінен макарон, ұн, май ғана бар. Дәл осындай азық-түлік жиынтықтарын қайырымдылықпен айналысатын меценаттар да таратады. Бүгінгі таңда мемлекеттен көмек алатын отбасылар «ұжымдық диета» ұстап жүр деуге болады. Бәрін бірдей макарон, бірдей ұн мен май тұтынып жүр», - деді Тәттігүл Талаева Ұлттық кеңес отырысында.

Сондай-ақ, ол кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында тұтыну мерзімі бітуге жақындаған тауарлар таратылып жатқанын мәселе етіп көтерді.

«Бүгінгі таңда кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында азық-түлік жеткізетін сауда компаниялары сақтау мерзімі бітуге жақын қалған азық-түлік жөнелтіп жүр. Оның үстіне жеткізіп бергені үшін кемінде 1000 теңге алады. Балалар сапалы азық-түлік тұтыну үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакеті аясында арнайы төлем картасын шығаруды және оның сомасына жеткізу құнында қосуды ұсынамын» - деп түсіндірді белсенді.

Оның айтуынша, азық-түлік жиынтықтарының сомасы арттыру қажет. Себебі азық-түлік қымбаттап кеткен.

«Монетизация арқылы біз отбасыларға өздері қалаған нәрсені таңдауға және тағам мәзірін жақсартуға мүмкіндік береміз. Мүмкін олар ұн мен макарон емес, жеміс немесе басқа да өнімдер алғысы келетін шығар», - деді сарапшы.


Жоғары қарай