Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық киноны қолдау орталығының Сараптама кеңесіне кімдер енді

2021 жылдың 16 сәуір 2021 12:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сараптамасына келіп түсетін фильмдерді іріктейтін кеңеске Смағұл Елубаев, Жабал Ерғалиев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Досхан Жолжақсынов, Талғат Теменов, Сатыбалды Нарымбетов, Рүстем Әбдірашев сияқты сақа мамандар кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік бюджет есебінен түсірілетін фильмдер Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы іріктеледі. Питчингке келіп түскен жобаларды іріктейтін сараптама кеңесінің құрамы негізінен орыстілділер деген сын көп айтылып жүр. Яғни, фильмдерді іріктеушілердің басым көпшілігі орыстілді болғандықтан, қазақ тілді жобалар іріктеуден өтпей қалады деген уәждер бар. Осыған байланысты «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Мәдениет және спорт министрлігіне журналистік сауал жолдаған болатын.

Вице-министр Нұрғиса Дәуешовтің берген жауабында сарапталамық кеңестің құрамы қайта өзектендірілгені айтылыпты.

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына сәйкес, фильмді ұлттық деп тану жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан Сараптама кеңесі құрылған. Бүгінгі күні Министрлік тарапынан Сараптама кеңесінің құрамын өзектендіру мақсатында «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» Үкімет қаулысына өзгеріс енгізу туралы» жаңа қаулы жобасын енгізді. Аталған құрамда Смағұл Елубаев, Жабал Ерғалиев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Досхан Жолжақсынов, Талғат Теменов, Сатыбалды Нарымбетов, Рүстем Әбдірашев және тағы да басқа белгілі кәсіби мамандар бар екенін атап өтеміз», - делінген жауапта.

Нұрғиса Дәуешовтің айтуынша, заңнамаға ұлттық фильмдердің прокатынан түскен қаражаттың 20 пайызы мемлекетке қайтару талабын енгізілген.

Ведомство өкілі киноға бөлген қаражатты игерушілер қалай іріктелетінін де түсіндірді.



Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Өнер, Мәдениет,
Жоғары қарай