Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Ұлттық қоғамдық кеңес құру бүгінгі күнің талабы - Асылбек Қожахметов

2019 жылдың 17 шілде 2019 18:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Асылбек Қожахметов жаңа құрылған кеңеске жүктелген жауапкершілік мол екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру бүгінгі күнің талабы. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды. Бұл - өте маңызды бастама. Еліміздің дамуына өзіндік үлес қосады», - дейді Асылбек Қожахметов.

Оның айтуынша диалог алаңы қазіргі қоғамға қажетті.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру бұл үлкен шаруа. Бұл халыққа қажет деп есептеймін. Билік пен халық арасында байланыс орнайды. Кеңес мүшелері өздеріне жүктелген жауапкершілікті түсінеді деп сенемін. Бәрі алғашқы отырыстан кейін белгілі болады. Ең бастысы Ұлттық сенім кеңесін Президент өзі басқарады, демек атқарылатын шаруалар 100% нәтижелі болмақ», - дейді Асылбек Қожахметов.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент 2019 жылдың 12 маусымында елордадағы ұлықтау рәсімінде мәлімдеген болатын.

Ұлттық кеңеске түрлі салада жұмыс істейтін, азаматтық белсенділік танытқан 41 адам мүше атанды.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Ұлттық кеңес,
Жоғары қарай