Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық қордың валюталық активтері 58,5 млрд долларға жетті

2021 жылдың 9 маусым 2021 19:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 800 млн АҚШ долларына ұлғайып, 58,5 млрд АҚШ долларға жеткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел деректер бойынша мамырдың соңында Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 800 млн АҚШ долларына ұлғайып, 58,5 млрд АҚШ долларын құрады. Өткен айда Ұлттық қордың валюталық активтерінің өсуі валюталық түсімдердің ұлғаюына және оң инвестициялық кіріске байланысты болды. Мамырда валюталық түсімдер 720 млн АҚШ долларын құрады. Қорға түсетін түсімдердің елеулі деңгейі биыл мұнай бағасының қалпына келуіне және мамырдағы үлкен салық төлемдерінің кезеңіне байланысты қалыптасты», - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, ол өткен айда акциялар нарығында да оң үрдіс жалғасын тапқанын атады.

«Облигациялар мен алтын бағасының қалпына келуіне байланысты Ұлттық қордың инвестициялық кірісі мамырда шамамен 660 млн АҚШ долларын немесе 1,15%-ды құрады. Сонымен қатар, мамырда 251 млрд теңге көлемінде кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді бөлу үшін Ұлттық Банк қордың валюталық активтерін 553 млн АҚШ доллары сомасына (баламасы 237 млрд теңге) сатты. Бұл ретте трансферттердің бір бөлігі теңгедегі шоттағы қалдықтар мен теңгедегі түсімдер есебінен қанағаттандырылды», - деді Әлия Молдабекова.


Жоғары қарай