Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған бүлдіршінді тауып берді

2021 жылдың 17 мамыр 2021 22:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Ұлттық Ұлан сарбаздары жоғалған екі жасар бүлдіршінді тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«16 мамыр күні сағат 12:30 шамасында елорданың Алматы ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген 5573 әскери бөлімінің жасағына шұғыл хабарлама келді. Қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығы таратқан ақпаратта екі жасар баланың жоғалғаны айтылған», - делінген ресми хабарламада.

Әскери жасақ бастығы қатардағы Мадияр Тоқтар, патруль сарбаздары - Жайық Рысқазы мен Ернұр Өмірбек хабарламаны алып, көрші жасақтарға хабарлап, бірден іздеуге кіріскен.

«Іздеу жұмыстары ұзаққа созылмай, жарты сағатта қуанышты хабар жетті. Баланың ата-анасы қырағы қызметі мен жедел көмегі үшін Ұлттық ұлан әскери жасағына алғыс білдірді», - дейді ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.


Жоғары қарай