Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық ұлан жауынгерлері әйел мен баланы құтқарды

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 22:20

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Ұлттық ұлан жауынгерлері жол апатына тап болған әйел мен баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 14 қыркүйек күні шамамен сағат 09.00-де Теректі ауданы Пойма елді мекені маңында болды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлім командирінің орынбасары, майор Жеңіс Асылбеков,

санитарлық нұсқаушы, ефрейтор Абылайхан Амангелдин және жүргізуші, қатардағы жауынгер Қуаныш Әбілқасым «Сұңқар» оқу орталығына қызметтік санитарлық көліктерімен келе жатып, теміржол өткелінде жол апатының куәсі болады.

Минивэн автокөлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып, рульге ие бола алмай, аударылуға жол берген. Ұлттық ұлан жауынгерлері оқиға орнына тез жетіп, жедел қызметті шақырғаннан кейін А.Амангелдин мен

Қ.Әбілқасым автоөліктен жолаушыларды алып шығып, алғашқы медициналық жәрдем көрсетті. Содан кейін

иығынан жарақат алған 65 жастағы әйел мен оның бес жасар немересін Подстепный ауылындағы ауруханаға жеткізді.

Қиын жағдайда тез әрекет еткен Ұлттық ұлан жауынгерлері әскери бөлім командирімен ынталандырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралада жоғалып кеткен жасар баланың аман-есен табылғанын жазған болатынбыз.








Жоғары қарай