Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ұлыбритания Алматыда цифрлық жобаларды жүзеге асыруға ниетті

2020 жылдың 6 ақпан 2020 12:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігі өкілдігі басшысының орынбасары Дж. Лэйфилдпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында креативті индустрияны дамыту, сонымен қатар білім, денсаулық сақтау салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Халықтың жайлы өмір сүруі үшін қала кеңістігін одан әрі абаттандыруды басты мақсат еткен «Алматы-2050» стратегиясына, мегаполисті «шеті жоқ қала» қағидаты бойынша дамытуға жете назар аударылды.

Атап айтқанда, Алматыны мәдени креативті қала, инновация мен «жасыл білімнің» жаңа индустриясының орталығы ретінде қалыптастыру тетіктері қаралды. Ұлыбритания Елшілігі цифрлық мәдениет саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылықтарын білдірді.

Тараптар бірлескен ынтымақтастықтың маңызын және кең ауқымды мәселелер бойынша өзара байланысты одан әрі тереңдетуге ынталы екендіктерін атап өтті.


Жоғары қарай