Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Ұлыбританияның Премьер-министрі Борис Джонсон қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды

2020 жылдың 7 сәуір 2020 08:01

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Сент-Томас ауруханасына жатқызылған Ұлыбританияның Премьер-министрі Борис Джонсон қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, бір күн ішінде саясаткердің жағдайы нашарлап кеткеннен кейін дәрігерлер осындай шешім қабылдаған. Премьер Сыртқы істер министрі Доминик Раабадан егер қажеттілік туындаса, Үкімет басшысының міндетін атқаруды сұраған. Джонсон өкпені жасанды желдету қажет болған жағдайда, сақтық шаралары ретінде қарқынды терапия бөліміне орналастырылған.

Бұған дейін Джонсон Twitter-дегі парақшасында жоспарлы сынама тапсыру үшін дәрігерінің кеңесі бойынша ауруханаға барғанын жазған, себебі премьерде әлі де сырқат белгісі кетпеген. Саясаткер өзінің жақсы көңіл - күйде екенін атап өтті. Джонсон, сондай-ақ оған және басқа адамдарға көмек көрсеткен дәрігерлерге алғыс білдіріп, британдықтарды шектеу шараларын сақтауға шақырды.

Еске сала кетейік, коронавирусты ханзада Уэльс Чарльз, Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок және Англияның бас санитарлық дәрігері Крис Уитти жұқтырған болатын. Олар емделіп шықты. Шотландия істері бойынша британдық министр Алистер Джек және премьердің бас кеңесшісі Доминик Каммингс бұрынғыша оқшаулауда жатыр.

Корольдіктің аумағында карантин 23 наурыздан бастап енгізілді. Ұлыбританияда COVID-19-дан тәулігіне 439 адам көз жұмған. Коронавирус пандемиясы кезінде қайтыс болғандардың жалпы саны – 5 373. Елде коронавирусты 51 608 адам жұқтырған.


Басты сөздер: Еуропа, Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай