Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлытаудағы өрт 46 мың гектар алқапты шарпыған

2021 жылдың 29 шілде 2021 13:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Ұлытау ауданында шілденің басы мен аяғында болған дала өрті 46 мың гектар жерді шарпыған, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марат Хасенов мәлім етті.

«Биыл шілденің өзінде ғана 796 табиғи өрт пен жалын сөндірілді. Оның 120-сы орманда болған. Ең ірі орман өрттері Қарағанды және Ақмола облыстарында тіркеліп, салдарынан екі адам қаза болды. 3-7 шілде аралығанда және 25-27 шілде аралығында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында ғана 7 ірі дала өрті болып, 46 мың гектардан астам жерді шарпыды. Ұлытаудағы өртті өшіруге секундына 8 метр жылдамдықпен ұйытқып соққан қатты жел кедергі келтірді», - деді Төтенше жағдай өкілі.

Еске салсақ, айдың басында болған тілсіз жаудың кесірінен Ұлытау ауданының үш ауылдық - Жангелді, Ақтасты, Амангелді округінде Төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.



Жоғары қарай