Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Үнді киносының жұлдыздары коронавирус жұқтырды

2020 жылдың 13 шілде 2020 11:33

МУМБАИ. EURONEWS - ҚазАқпарат – Үндістанда коронавирус өршіп, қоғамның түрлі тобына таралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Сенбі күні Болливуд жұлдызы, үнді киносы тарихындағы ең танымал актерлердің бірі Амитабх Баччаннан COVID-19 табылды. Кейінірек оның ұлы – актер және продюсер Абхишек Баччан коронавирусқа жасаған тесті оң нәтиже бергенін хабарлады.

Жексенбі күні оның келіні – фотомодель және актриса Айшвария Рай мен 8 жасар немересінің ауру жұқтырып алғаны белгілі болды. Олардың барлығы Мумбаи ауруханасына жатқызылды.

Киножұлдыз табынушылары сүйікті актерлерінің ауру жұқтырып алғанына таңғалды.

Раджеш Кедар, рикши жүргізуші: «Коронавирус Мумбаида өте тез таралып жатыр, тіпті Амитабх Баччан да жұқтырып алды».

Абдул Рауфф, Амитабх Баччанның табынушысы: «Оның фильмдерін бірнеше ұрпақ бойы тамашалап келеміз – менің атама, әкеме және маған оның фильмдері ұнайды».

Үндістан ауру жұқтыру бойынша үшінші орында – ол жақта 850 мыңнан астам адам COVID-19-ға шалдыққан. Соңғы күндері коронавирустың таралуы рекордтық көрсеткішке жеткен – бір тәулікте 29 мың адамнан анықталған. Құрбандар саны 23 мыңға жақындады. Сарапшылардың айтуынша, эпидемия әлі өз шыңына жетпеген.


Басты сөздер: Медицина, Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай