Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Үндістанда теміржол апатынан тоғыз адам қаза тапты

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 11:33

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Үндістанның шығысында пойыздың ресльстен шығып кетуі салдарынан 9 адам мерт болып, кем дегенде 45 адам жарақат алды, соның ішінде 10 адамның жағдайы өте ауыр. Бұл туралы ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейсенбі күні Үндістан шығысындағы Батыс Бенгалия штатының Майнагури қаласында Гувахати-Биканер бағдарымен жүріп келе жатқан пойыз рельстен шығып кетті. Қазіргі кезде апат себептері анықталуда.

Оқиға орнында құтқару операциясы жүргізілуде. Вагондардың ішінде тағы басқа зардап шеккендер бар екені жоққа шығарылмайды.

Батыс Бенгалия билігі пойыз апатынан қаза болғандардың отбасыларына 500 мың үнді рупиясы (6,7 мың АҚШ доллары), ал жарақат алғандарға 100 мың рупиядан (1,3 мың доллар) өтемақы төленетіні туралы мәлім етті.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай