Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үндістандағы ұшақ апаты: 18 адамның денесі және «қара жәшік» табылды

2020 жылдың 8 тамыз 2020 23:23

НҰР-СҰЛТАН. BBC-ҚазАқпарат – Тергеушілер Үндістанның жұма күні апатқа ұшыраған Air India Express ұшағының «қара жәшігін» тапты. Құтқару операциясы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 190 жолушысы бар ұшақ жұма күні Кожикоде қаласындағы «Каликут» әуежайына қонар кезде апатқа ұшырады. Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан екі ұшқышты қоса алғанда барлығы 18 адам мерт болған.

Ондаған адам зардап шегіп, 156 адам ауыр жарақат алды. Бұл Үндістанда соңғы онжылдықта болған ең ірі әуе апаты.

Дубайдан қайтып келе жатқан «Боинг 737», ұшағы жаңбырдың салдарынан жолақта тайғанап, екіге бөлініп қалған. Ұшақта коронавирус салдарынан өзге елде қалып қойған Үндістан болған. IX 1134 рейсінде 184 жолаушы болған. Олардың арасында 10 нәресте мен 6 экипаж мүшесі бар.

Қайңылы жағдайға байланысты бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан халқына көңіл айтты.


Автор Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай