Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Үндістандық әйелдің асқазанынан дәрігерлер 1,5 кг әшекей бұйымдарын алды

2019 жылдың 25 шілде 2019 15:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның Батыс Бенгалия штатында дәрігерлер әйелдің асқазанынан жалпы салмағы 1,5 кг болатын әшекей бұйымдарын шығарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Indian Express-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, 26 жастағы келіншек 5 және 10 рупийлік 90-ға жуық монета және мыс пен латуньнан соғылған әшекей бұйымдарды жасырмақ болып жұтып жіберген. Әшекейлердің арасында тіпті қолсағат та бар болып шықты.

Қыздың шешесінің айтуынша, ол кейде есін білмей қалатын көрінеді. Әйел үйдегі әшекей бұйымдарының жоғала бастағанын байқаған. Ал монеталарды қыз ағасы жұмыс істейтін дүкеннен алған.

«Біз оны аңдып жүрдік, бірақ ол сонда да бір амалын тауып, әшекейлерді жұта беріпті. Соңғы екі айда мазасы кетті», - дейді қыздың шешесі.

Ақыр соңында «темір жегіш» қызды ауруханаға жатқызуға тура келген. Оның асқазаны металға толғанын сол жерде дәрігерлер анықтады. Артынша, шұғыл ота жасап, асқазанын тазалады. Енді қыздың туыстары оны психиатрға көрсетпек.

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай