Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Үш күн бойы іздеуде болған ақтөбелік ойын клубынан табылды

2020 жылдың 6 қаңтар 2020 21:20

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 20 жастағы жігіт хабарсыз кетіп, полиция оны ойын клубынан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті мен 20 жастағы жігіттің ата-анасы, туыстары іздеу жұмыстарын жан-жақты жүргізді.

«2 қантар күні полиция бөліміне 20 жастағы ұлының қайтып оралмағаны әрі ұялы телефонының өшірулі тұрғанын айтып анасы арызданды. Бірнеше жедел іздестіру тобы құрылып, жоғалған адам жиі баратын орындар тексерілді. Таныстарынан да сұралды. Полицейлер жоғалып кеткен жігітті 5 қаңтарда тапты. Осы уақыт аралығында ол компьютерлік клубта болған», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


фото: 24smi.org/news
Жоғары қарай