Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Үш министрлік оқытушылар мен студенттерге «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасын таныстырды

2021 жылдың 10 қараша 2021 21:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ақпарат және қоғамдық даму, білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушы құрамымен және студенттерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуге университеттің ректоры, ҰҒМ академигі Ерлан Сыдықов қатысты. Ол ұлттық бағдарламаның білім, мәдениет, жастар саясаты салаларындағы ерекше маңызды рөлін атап өтті.

ҚР АҚДМ Рухани жаңғыру бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры У.Тналиев «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының негізгі бағыттары мен міндеттерімен таныстырды.

Білім және ғылым бірінші вице-министрі Ш.Каринова мемлекеттік тілді дамыту және білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі іс - шаралар туралы айтып берді.




ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы А.Әбдуәлиев Ұлттық жобаның «Ел рухы» бағыты бойынша қарастырылған іс-шараларға егжей-тегжейлі тоқталды.

Бұл бағытты іске асыру мәдениет саласындағы қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және отандық мәдени өнімді танымал етуге бағытталған.

Өз кезегінде, ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.Байманов «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағытында қарастырылған жастардың негізгі сұраныстарын, соның ішінде тұрғын үй, жұмыспен қамту, білім беру, жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру мәселелерін шешуге бағытталған шараларға тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, « Ұлттық рухани жаңғыру «ұлттық жобасы негізгіүш бағыт бойынша жүзеге асырылады, оларды орындауға бірден үш министрлік қатысады.




Құжатқа жеті міндет, 20-дан астам көрсеткіш және 60-тан астам ірі іс-шаралар кіреді.

Ұлттық жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленді және қазақстандық қоғамның мәдениет, ағарту және ұлттық рух деңгейін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, ұлттық жоба - Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында айтылған «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілетудің келесі кезеңі.





Жоғары қарай