Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 17:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола, Түркістан, Қызылорда облыстарында ертең, 31 желтолқсан күні ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

31 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұрқасын соғуы мүмкін, солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

31 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Сол күні Шымкент қаласында кей уақытта тұман түсуі ықтимал.

Сол күні Түркістан қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

31 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.


Жоғары қарай