Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үш облыста вакцина паспортын сатып алғандар жазаланған

2021 жылдың 28 шілде 2021 20:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вакцина паспортын жасатып пайдаланған азаматтардың үстінен 4 қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров осындай деректер келтірді.

«Жалған құжат қолданғаны үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі бойынша 40 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған. Бірақ нақты жазаны сот тағайындайды. Вакцина паспортын қолдану бойынша есептік кезеңде 4 қылмыстық іс сотқа жолданды. Сот оларды кінәлі деп тауып, айыппұл тағайындады. Бұл Қарағанды, Қостанай және Павлодар облысында тіркелді», - деген министрдің орынбасары вакцина паспорты мен ПТР тест қорытындысын қолдан жасаудың жазасы бұдан әлдеқайда ауыр екенін ескертті.

«Қолдан құжат жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабының 2 бөлігі бойынша 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бүгінде ішкі істер органдары 86 қылмыстық іс тіркеді. Оның 47-сі вакцина паспортын жасау бойынша, 39-ы ПТР-тестін қолдау жасау бойынша қозғалған», - деді Арыстанғани Заппаров.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Вакцина, Оқиға, Заң, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай