Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үш жылда 170 елді мекенде радио қабылдау қамтамасыз етілді

2020 жылдың 28 қазан 2020 15:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Цифрлық эфирлік телехабар тарату жобасын жүзеге асыру мерзімі 2022 жылға дейін ұзартылады. Бұл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Мәжіліс депуттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта министрлік цифрлық эфирлік телехабар тарату жобасын жүзеге асыру мерзімін 2022 жылға дейін ұзарту жəне одан əрі қаржыландыру мақсатында қаржы-экономикалық негіздемені түзету бойынша жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, халықты мемлекеттік радиохабар таратумен қамту аймағын кеңейту мақсатында 2018-2020 жылдар аралығында министрлік тарапынан радиожиіліктерді бөлу бойынша конкурстар өткізілді. Нəтижесінде осы кезеңде 17 радиотаратқыш орнатылды. Бұл шамамен 450 мың адам саны бар 170 елді мекенде (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары) радио қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, қазіргі жағдайда қолданыстағы мемлекеттік радиохабар тарату желісі халықтың 88,7 пайызын Қазақ радиосымен, 64 пайызын Шалқар радиосымен қамтамасыз етіп отыр.

«Дегенмен, шағын ауылдық елді мекендерде отандық радионың таралу деңгейі төмен екенін атап өту қажет. Мəселен, «Қазақ« радиосы бағдарламасымен ауылдық елді мекендердің 48 пайызы, «Шалқар» радиосы бағдарламасымен елді мекендердің 70 пайыздан астамы қамтылмаған. Бұл ретте шекара маңындағы аудандар халқының кемінде 95 пайыз деңгейінде мемлекеттік радиохабар таратумен қамту үшін елеулі қаржылай шығындар талап етіледі. Осыған орай, халықты мемлекеттік радиотаратумен қамту аймағын кеңейту мақсатында одан əрі жүйелі жұмыс жүргізу үшін министрлік тарапынан радиотаратуды кезең-кезеңімен дамытудың жол картасын əзірлеу жоспарлануда», - деді Аида Балаева.


Жоғары қарай