Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ұшақ қозғалтқышы істен шықты деген ақпарат жалған - FlyArystan

2019 жылдың 30 шілде 2019 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – FlyArystan әуе компаниясы ұшақ қозғалтқышының істен шығуы туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мой город» порталында жарияланған FlyArystan ұшағы қозғалтқышының істен шығуы туралы ақпараттың жалған екенін хабарлаймыз. 2019 жылдың 30 шілдесінде FlyArystan әуекомпаниясының Орал-Алматы бағытына ұшуды жоспарлаған КС7168 рейсі кешіктіріліп ұшырылды. Себебі – ауа жіберуді бақылау жүйесін қосымша тексеру қажет болды. FlyArystan-ның басты ұстанымдарының бірі – қауіпсіздік. Сондықтан, әуе компаниясының инженерлері бортты толық тексеруден өткізуді жөн көрді. Қажетті техникалық тексерістен кейін әуе кемесі жұмысын ойдағыдай жалғастырды», - деп хабарлады FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Рейстің кешігетіні туралы ақпараттан кейін әуе компаниясының Орал қаласындағы қызметкерлері жолаушыларға су мен жеңіл тағам таратқан және өтінім білдірген 50 адамды қонақ үйде орналастырған.

Жоғары қарай