Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ұшақта темекі шеккен әйелге айыппұл салынды

2020 жылдың 2 шілде 2020 16:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат «Кеше, 1 шілдеде Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне «Эйр Астана» АҚ әуе компаниясының өкілінен «Ақтөбе-Алматы» бағытындағы әуе кемесінің бортында құқықбұзушы бар екендігі туралы хабарлама түскен», деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландиннің айтуынша, тексеру барысында көлік полицейлері әуе кемесінің бортында болған Орал қаласының 34 жастағы азаматшасын анықтады. Әуе кемесі командирінің актісі бойынша әуе рейсі қонғаннан кейін құқықбұзушы көлік полицейлеріне берілді.

«Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-2 бөлігімен (Әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін және (немесе) электрондық сигареттерді тұтыну) әкімшілік хаттама толтырылып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды», - деп қорытындылады полиция полковнигі.

Еске сала кетейік, ағымдағы жыл басынан бері еліміздің Көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 21 117 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 1 64-і адам қоғамдық орындарда темекі шеккен.


Басты сөздер: Көлік, Оқиға, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай