Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Үшарал-Достық» тасжолының учаскесі көліктер үшін жабылды

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 20:04

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» тасжолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

« «ҚазАвтоЖол» ҰК « АҚ Алматы облыстық филиалы және «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық бөлімшесінің хабарлауынша, 2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 17:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, жолдың нашар көрінуі) «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар тасжолында (84-184 км) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды», - деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Алматы облыстық ТЖД азаматтардың осы бағытта жолға шықпауын және «112» жібертін СМС хабарламаларға құлақ асуын сұрайды.


Басты сөздер: Ауа райы, Көлік, Жол,
Жоғары қарай