Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұсталған 2 полицей мен мәслихат хатшысын жауапқа тарту оқиғасы арасында байланыс жоқ -Антикор

2022 жылдың 27 мамыр 2022 17:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Антикор Алматы облысы бойынша Жол полициясының екі қызметкерін ұстағаны туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы облысы бойынша Жол полициясының екі қызметкерін ұстағаны туралы ақпарат таратылуда. Бұған дейін полиция қызметкерлері мәслихат хатшысын жауапқа тартқаны хабарланған болатын. Антикоррупциялық қызмет атынан аталған фактілер бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ екенін хабарлаймыз. Жұртшылықтан жалған ақпарат таратпауды сұраймыз», - делінген ресми хабарламада.

Жоғары қарай