Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үстел теннисі: Әлемдік турнирдегі қазақстандықтардың қарсыластары анықталды

2021 жылдың 28 ақпан 2021 17:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 28 ақпанда Дохада (Катар) үстел теннисінен WTT Contender кезеңі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Кирилл Герасименко іріктеу кезеңінің алғашқы кезеңінде Александр Ханин (Беларусь)/Филип Зелько (Хорватия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Құрамадағы ең жас Алан Құрманғалиев нигериялық Оладжиде Омотаймоға қарсы ойнайды. Ал Анастасия Лаврова Мариям Алимен (Катар), Зәуреш Акашева Наталия Григеловамен кездеседі (Словакия).

Аралас жұптық додада Алан Құрманғалиев/Анастасия Лаврова ресейлік Владимир Сидоренко/Мария Тайлакова жұбымен ойнайтын болады.
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай