Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үй-ішінің мазасын алған ақтөбелік полиция қызметкерін пышақпен жарақаттаған

2021 жылдың 29 маусым 2021 20:54

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының тұрғыны мас күйінде отбасында жанжал шығарып, шақыруға барған полиция қызметкерін пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының «102» телефонына «Геолог-2» бау-бақша ұжымының тұрғынынан хабарлама түсті. Ол ер адам мас күйінде жанжал шығарғанын айтқан. Шақыруға учаскелік полиция инспекторлары барды.
«49 жастағы әйел күйеуінің пышақ ұстап, қорқытқанын, мазасын алғанын жеткізді. Полиция оны ұстауға тырысқан кезде қарсыласып, инспекторды жаралады. Полицейлер тәртіп бұзушыны полиция бөліміне жеткізді. Билік өкіліне бағынбағаны үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оларға қатысты қорлауға, бағынбауға және күш қолдануға байланысты қылмыстарды тергеу ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында болады. Әрбір дерек бойынша мұқият тергеу жүргізіледі»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
ҚР ҚК-нің «Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану» бабы бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жауапкершілік көзделген. Билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбағаны үшін ҚР ҚК 379-бабына сәйкес күдіктіні 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға болады.


Жоғары қарай